Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді – Қасым-Жомарт Тоқаев
ашық дереккөзі
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. Осы күнге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қоршаған ортаны қорғауға қатысты пікірін жазды. «Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін» деп жазды Мемлекет басшысы.  width= Айта кетейік, жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Біріккен Ұлттар ұйымы әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аудартады. Бұл күні көшедегі шеру, велосипедистер парады, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта өңдеу науқаны және айналаны тазарту сияқты қызықты шаралар жасалады.