Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді – Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді – Қасым-Жомарт Тоқаев
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. Осы күнге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қоршаған ортаны қорғауға қатысты пікірін жазды.
«Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін» деп жазды Мемлекет басшысы.