Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен бірқатар қызметкер жаңа лауазымға тағайындалды
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қызметкерлерді жаңа лауазымға тағайындады. Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен:
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;
Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды, - делінген жазбада.