Сабина Алтынбекова мен Ninety One әншісі «Әлемдегі ең келбетті 100 тұлға – 2021» номинациясына ұсынылды

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова «The 100 Most Beautiful Faces of 2021» («2021 жылдың ең келбетті 100 тұлғасы») атағына ұсынылды.

«Сабина Алтынбекова «2021 жылдың ең келбетті 100 тұлғасы» атағына ұсынылды. Құттықтаймыз!»- деп хабарлады TC Candler Instagram-да.

Сондай-ақ номинанттар тізіміне Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын да енді.

Одан басқа номинанттар тізіміне Дэвид Дамиано, Селена Гомес, Галь Гадот, Зендая, Лили Коллинз, Зейн Малик, Марго Робби, Криштиану Роналду, Скарлетт Йоханссон сияқты әлемге әйгілі жұлдыздар, спортшылар енді.

Back to top button