Жаңалықтар

Бауыржан Байбек: Патриот болу – жақыныңа, бауырыңа, еліңе, жеріңе қамқор болудан басталады

ашық дереккөзі

Бауыржан Байбек: Патриот болу – жақыныңа, бауырыңа, еліңе, жеріңе қамқор болудан басталады

Елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біз - ел патриотымыз» халықаралық жастар форумы өтіп жатыр. Форумды ашқан Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-шараға қатысушыларға арнаған үндеуін оқып берді. «Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ұлттың үміті. Тәуелсіздік жылдарында біздің елімізде озық ойлы және білімді жастардың тұтас буыны қалыптасты. Зиялы және білікті жастары бар елдің әрқашан мүмкіндігі мол және болашағы жарқын», - делінген хатта. Форумға онлайн режимде Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция жастар ұйымдарының өкілдері, еліміздің өңірлерінен жастар көшбасшылары, Парламенттің, облыстық және қалалық мәслихаттарының жас депутаттары, кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, волонтерлер мен шығармашыл жастардың өкілдері қатарынан 300-ден астам адам қатысты.