АИБА Азия чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жегіне қатысты тексеріс бастамақ

АИБА Азия чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жегіне қатысты тексеріс бастамақ

АИБА Азия чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жегіне қатысты тексеріс бастамақ
ашық дереккөзі
АИБА Азия чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жегіне қатысты тексеріс бастамақ. Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) бұл туралы ресми сайтында хабарлайды.
«AIBA Дубайда өткен Азия чемпионатында әділетсіздік болуы мүмкін екенінен хабардар. AIBA мұндай айыптауларға ыждағатпен қарайды. Бірнеше ұлттық бокс федерацияларымен өзара қарым-қатынстан кейін AIBA Төрешілер комитеті барлық тағайындалған төрешілердің жұмысын дереу тексеріп, оның нәтижелері туралы қысқа мерзімде AIBA Тәртіптік комитетіне есеп беруі қажет немесе қажет еместігін анықтайды. Мұндай жағдайда Тәртіптік комитетке дереу тәуелсіз сараптама жүргізіп, құзыреттіліктің жетіспеушілігіне, манипуляцияға немесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты қандай да бір қате шешімдер қабылданғанын немесе қабылданбағанын анықтауға құқылы", - делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, көптеген журналист, сарапшы және бокс жанкүйерлеріні қазақстандық боксшылар 2021 жылғы Азия чемпионатында әділетсіз төрелікке тап болды деп наразылық білдірген болатын.

Байжұма Арыстан