Жаңалықтар

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды

ашық дереккөзі

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды

2021 жылдың басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1 маусымдағы мәліметке сенсек, 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды. 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі - 56,5%. еңбекке қабілетті жастан кішілер - 24% және зейнеткерлер - 19,5% құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.