Жаңалықтар

Түркия Қара теңізден жаңа газ кен орнын тапты

ашық дереккөзі

Түркия Қара теңізден жаңа газ кен орнын тапты

Түркия Қара теңізден табиғи газдың жаңа кен орнын тапты, деп хабарлайды Reuters Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып. Алайда билік бұл туралы әлі ресми түрде жариялаған жоқ. Аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Агенттік қорлардың Амасра-1 қайраңында табылғанын жазды. Энергетика министрлігі жаңа кен орнының ашылуы туралы түсінік беруден бас тартты. Алайда бұған дейін ел президенті Режеп Тайып Ердоған осы аптада Қара теңізге қатысты "жақсы жаңалық" айтуға уәде берген болатын.