Рәміздеріміз Норвегиядағы Арктикалық әлемдік мұрағатқа қойлды

Рәміздеріміз Норвегиядағы Арктикалық әлемдік мұрағатқа қойлды

Рәміздеріміз Норвегиядағы Арктикалық әлемдік мұрағатқа қойлды
ашық дереккөзі
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері Норвегиядағы Арктикалық әлемдік мұрағатқа орналастырылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында мұрағатқа Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран, Конституция және Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы бар ақпараттық файлдар енгізілді. Бұрын файлдар Арктикалық Дүниежүзілік мұрағатты басқаратын Piql компаниясының арнайы технологиясымен мұрағатталған", - делінген хабарламада.