Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Демалыс күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді.

«Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сүйенсек, Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуі республиканың солтүстік және шығыс жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әсер етеді. Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады.

Ал оңтүстік жартысында биік жотаның және Түркіменстаннан келетін жылы ауа массаларының әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

Back to top button