Сенат төрағасы Рәміздер күнімен құттықтады
Сенат төрағасы Рәміздер күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Бұл – елдік пен егемендікті дәріптейтін, ұлттың рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін арттыратын айрықша мереке. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз Тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны, мемлекеттілігіміздің басты белгісі. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты азаматтардың ұсынысына қолдау білдіргені белгілі. Соның нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, көк байрағымызды пайдалану аясы кеңейтілді. Мұның өзі тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы қадамдардың бірі екені сөзсіз. Ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мереке құтты да ұзағынан болсын. Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін! - деп жазды Сенат төрағасы.