Жаңалықтар

Аналар кеңесінің ауқымды акциясы

ашық дереккөзі

Аналар кеңесінің ауқымды акциясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы «1 маусым – Ха­лықаралық балаларды қорғау күні» мере­кесіне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бір­­лестігінің Аналар кеңесі Байзақ ауданы Бурыл ор­­та мектебінде балалар мерекесіне орай ауқымды іс-шараға ұйытқы болды. Мерекелік іс-шара барысында ҚХА меценаты, Бай­зақ аудандық түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Жа­лил Аббасов 120 оқушыға тәтті, сусын және бал­мұз­дақтар таратты. – Балаларды қорғау күніне жылдағы дәстүр бойын­ша сәбилерге тосынсый жасап, жақсы көңіл күй сыйлауды мақсат еттім. Әр қайырымдылықтың өзін­дік орны бар. Дегенмен де, бала бақытынан артық ешнәрсе жоқ, – дейді аудандық түрік орталығының төра­ғасы Ж.Аббасов. Ақтөбеде Аналар кеңесі әртүрлі мерекелік іс-ша­ра­лардың өтуіне ұйытқы болды. Атап айтқанда, С.Жиенбаев атындағы жасөс­пірім­дер кітапханасында балаларды қорғау күніне ар­нал­ған «Әрқашан күн сөнбесін!» атты кітап көр­ме­сі, Ақтөбе облысы Алға аудандық әйелдер кеңесінің жә­не аудандық мүгедектер қоғамының ұйымдас­тыруы­мен «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акция­сы, Ырғыз аудандағы «Бақытты балалар – бей­біт елдің тірегі» мерекелік іс-шарасы, «Этно ауыл» жо­­басы аясында өткізілген экскурсиясы, Қобда ауда­нын­дағы «Күндей күлсін балалар» мерекелік іс-шара­сы ұйымдастырылды. Мерекеге орай алдағы уақытта «Мен Отанымды сүйе­мін» сурет байқауы, Шалқар ауданындағы «Бала күл­кісі – әлем көркі» атты мерекелік шарасы өтпек. Ал Атырауда «Довира» этномәдени бірлестігі бала­ларға арналған «Бақытты балалық шақ мерекесі» қайы­рымдылық акциясын өткізуге атсалысты. Бірлестік мүшелері облыстық балаларды бейімдеу ор­та­лығында әртүрлі ойындар мен қызықты бай­қау­лар ұйымдастырды. Балаларға сыйлықтар мен тәт­тілер тарту етті, сонымен қатар би топтары өнер көр­сетіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара соңында балаларды бейімдеу орталығының ди­ректоры Г.Бижанова «Довира» ЭМБ ұжымына алғысхат табыстап, ри­зашылығын білдірді. Қызылордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жалпыреспуб­ли­ка­лық акция аясында өңірлік Аналар кеңесінің ұйым­дас­тыруымен балаларға арналған көңілді кеш өтті. Мерекелік шараға облыстық Ішкі саясат бас­қар­масының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орын­басары Фархат Әбдібағдатұлы, облыстағы әйел­дер істері және отбасылық демографиялық саясат жө­ніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, Ана­лар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, этно­мәдени бірлестіктің жетекшілері және ата-аналар мен әртүрлі жастағы балалар қатысты. Балалар кеші фойеде сурет салу байқауынан бас­тал­ды. Барлық балалар өздерінің көңіл күйін сурет арқылы бейнелеп берді. «Туған жерім» байқауына қатысқан балғындарға «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастековтің ізгі тілекке толы құттықтау хаты мен сурет салуға арналған альбомдар табыстады. Іс-шара соңында балалар концерт залында қы­зықты мультфильм көріп, тәтті балмұздақ жеп, кө­теріңкі көңіл күйде тарқасты.