Тарихқа тағзым

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі, миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық талайды сарсаңға салып, қасірет шектірді. Осы атаулы күнді Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің аймақтарында атап өтті.

Айрықша мағынаға ие тарихи маңызды күні Шал­қар аудандық балалар кітапханасы ғи­мара­тын­да «Тарих және тағдыр» атты дөңгелек үстел өткі­зі­ліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М.Бе­кетова азаттықты армандап кеткен бабаларымызды еске алу, оларға тағзым ету тәуелсіз Қазақстанның әр­бір азаматы үшін қасиетті парыз екенін айтып өтті.
Сондай-ақ шара барысында оқушылар қуғын-сүргін құрбандарына арнаған өлеңдер оқыды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайын­ғы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» ха­лық­ара­лық жобасы аясында Ақмола облыстық «Қоғамдық ке­лісім» КММ саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бандарын еске алу күніне арналған ғылыми конференция өткізді.
Конференция жұмысына ғалымдар, ЖОО оқы­ту­шылары, мемлекеттік қызметкерлер, этно­мә­дени бір­лестік өкілдері, қуғын-сүргінге ұшыраған жан­дар­дың ұрпақтары қатысты.
Тарихшы-ғалым Е.Елжанова мен М.Өтегенов өз баяндамасында саяси қуғын-сүргін құрбандары бол­ған «Алаш» қозғалысының қоғамдық-саяси қыз­меті, оның мүшелерінің қайғылы тағдырлары, түрлі халық­тардың Қазақстанға депортациялануының себеп-салдары туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, конференцияда облыстың мем­ле­кеттік мұрағаты дайындаған Ақмола облысын­да­ғы 1919-1954 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тура­лы мұрағат құжаттарының жинағы таныс­тырыл­ды.
«Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н.Ағния­зов­тың ұйымдастыруымен атаулы күнге орай «Ұлы нығ­мет: қасіреті мен тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жа­нын­дағы этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім», Аналар кеңесі мен «Бірлік» ақсақалдар кеңе­сінің мүшелері қатысты. Басқосуға Қ.Жұбанов атын­дағы АӨУ-нің профессоры, тарих ғалымдары­ның докторы Н.Абдоллаев қатысып, «Қазақстан тари­хының ақтаңдақ беттері» тақырыбында баян­дама жасады.
– Біздің естеліктеріміз халықтың, әсіресе жас ұрпақтың жүрегінде ыза-кек, өшпенділік отын қоз­датпауы тиіс. Қуғын-сүргіндерден барлық халық, мил­лиондаған жазықсыз адам зардап шекті және сол ауыр зардапты бірлесіп жеңді. Өткеннің кінәсін бү­гінгі және болашақ ұрпақтың мойнына артуға бол­майды, – деді «Қоғамдық келісім» КММ маманы Са­паров Түлкібай.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара ой-пікір бө­лісіп, Алаш арыстарының ерлігін насихаттап, жас­тарды тарихты оқып-үйренуге және зерделеуге ша­қырды.
Ал Атырауда «Қазақстан этностарын рухани танымал ету» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шара қатысушыларды интерактивті ойындар ар­қылы таныстырудан басталды.
Өз кезегінде, «Тхониль», «Былина» және «Довира» этно-мәдени бірлестік төрағалары жұмыс тә­жіри­белерімен бөлісіп, азаматтық бірегейлікті ны­ғайтуға және Қазақстан халқының шығармашылық мұрасы мен дәстүрлі мәдениетін насихаттауға бағытталған бір­лестіктерінің үздік жобаларын көрсетті.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан хал­қы Ассамблеясының жұмысын жетілдіру бойын­ша пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында Атырау және Батыс Қазақ­стан об­­­лыстары ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің бас­шылары екі өңірдің тәжірибесі мен тығыз ын­тымақтастығын нығайту мақсатында бірлескен іс-шара өткізу қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Back to top button