Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
1991 жылғы 7 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жар­лы­­ғымен Мем­лекеттік монополия қыз­метін шектеу және жаңа эко­но­микалық құрылымдарды қол­дау комитеті құрылды. 1992 жылғы 4 маусымда «Қа­зақстан Республикасының Мем­лекеттік Елтаңбасы ту­ралы» және «Қа­зақ­стан Республикасы Мемлекеттік Әнұра­ны­ның музыкалық редакциясы туралы» заң­дар күшіне енді. 1992 жылғы 5 маусымда Талдықорған об­лысы Қапал ауданының Қарашоқы меке­нін­де ақын Сара Тастанбекқызына ескерт­кіш қойылды. 1998 жылғы 5 маусымда Астанада Қа­жым­ұқан атындағы Орталық стадионның ашылу рәсімі болды. 1998 жылғы 8 маусымда Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіші ашыл­ды. Ескерткіш авторы – мүсінші Мұрат Ман­сұров. 1998 жылғы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, ас­та­на күні тойланды. 1999 жылғы 8 маусымда Елбасы Н.Назарбаев «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығын иеленді. 2002 жылғы 4 маусымда Алматы қала­сын­да Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім біл­діру шаралары жө­ніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті. 2014 жылғы 7 маусымда Қазақстанда ал­­­ғашқы «Дүниежүзілік бокс академиясы» спорт­тық-оқыту кешені ашылды.