Тәжікстан шекарашылары жауап бермей жатыр: қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да ушықты

Тәжікстан шекарашылары жауап бермей жатыр: қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да ушықты

Тәжікстан шекарашылары жауап бермей жатыр: қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да ушықты
ашық дереккөзі
Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушыққаны туралы мәлімдеді. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Тәжікстан 4 маусым күні сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елдімекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сағат 06.00-де тәжікстандықтар орнатылған контейнерден 600 метрге аулақ кетті.
"Тәжікстанның әскери қызметшілерінің жеке құрамы автокөлік және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шара қабылдайды. Алайда Тәжікстан Республикасының шекарашылары телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметінің бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті", - деп хабарлады Шекара қызметі өкілдері.
Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері арасында қарулы қақтығыс болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 134 адамнан асты, оның ішінде 13 қырғызстандық және 10 Тәжікстан азаматы қайтыс болды. Қақтығыс салдарынан тұрғын үйлер мен мектептер қирады. 29 сәуірде екі ел атысты тоқтату туралы шешімге келген.