Жаңалықтар

Министр Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жаңа ректорын таныстырды

ашық дереккөзі

Министр Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жаңа ректорын таныстырды

2021 жылғы 2 маусымда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кеңесіне қатысып, оқу орнының жаңа ректоры Дархан Біләловті таныстырды. Жаңа ректор Дархан Біләлов - АҚШ-тың Солтүстік Батыс университетінде және Пенсильвания штаты университетінде білім алған, халықаралық ұйымдарда, Назарбаев Университетінде қызмет істеген білімді де білікті маман. Көптеген ғылыми және аналитикалық еңбектердің авторы.