Алматыда «Жастар-Отанға!» бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы қабылданды

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн форматта партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізді.

Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Жастар-Отанға!» бағдарламасында халықаралық ұйымдардың тәжірибесі мен жастардың дамуына қатысты әлемдік үрдістер ескерілген. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді.

whatsapp image 2021 06 04 at 10.12.16 1

Құжатта бес негізгі бағыт бар, оның ішінде азаматтық белсенділік, сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, жеке даму және бос уақыт. Жол картасы жастар саясатын дамыту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған 40 көрсеткішті және 70-тен астам іс-шараны қамтиды.

Бұл шешімге қолдау білдірген Алматы мәслихатының жас депутаттар корпусының басшысы Әсия Ақанова «Жастар-Отанға!» Жол картасында көрсетілген мәліметтерге сәйкем, жас алматылықтардың 38,5%-ы елдің саяси өміріне қатысуға дайын екенін атап өтті.

whatsapp image 2021 06 04 at 10.12.14

Жастарды қолдау жөніндегі қалалық қоғамдық кеңеcінің төрағасы, депутат Арман Жүдебаев «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелеріне тоқталды. 2020 жылы бюджеттік сала қызметкерлері – мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, 35 жасқа дейінгі журналистер мен ғалымдар тұрғын үй сатып алды. Барлығы 1 мыңға жуық жас алматылық пәтер алды. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша  қарыз  сомасы 13 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін ұлғайтылып, үміткерлердің қосымша санаты – құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері қосылды. Биыл тұрғын үйді 1 мың жас маман сатып ала алады.

Жол картасының жоспарлы көрсеткіштері мен іс-шараларын талқылай отырып, қалалық филиал Бюросының мүшелері ұсынылған нұсқасында құжатты бекіту туралы шешім қабылдады, оның үстіне Жол картасының барлық бағыттары Мемлекет басшысының Алматы қаласының «Жастарды дамыту индексі» көрсеткіштері бөлігіндегі міндеттерімен және елдің басқа да бағдарламалық құжаттарымен, сондай-ақ партиялық бастамалармен үйлескен.

Back to top button