Коронавирус: «қызыл» аймақта екі өңір қалды

4 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында жарияланға ақпаратқа сүйенсек, «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы қалды. ⠀

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.⠀

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр.

Back to top button