Тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пунктері болады

Тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пунктері болады

Тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пунктері болады
ашық дереккөзі
Алматыда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пунктері болады. Өйткені Алматы қаласының сәулетін және қала құрылысын қалыптастыру ережесінің талаптарына сәйкес, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жобалау және салу кезінде 3 мың адамға 1 учаскелік полиция инспекторынан келуі керек. Бұл мақсатта салынатын полиция бөлімшелерінің ауданы 45 шаршы метрден кем болмауы тиіс. «Салынып жатқан тұрғын үйлер маңында учаскелік полиция пунктерін орналастыру тұрғындарға тәртіп сақшыларының жақын маңда болуына мүмкіндік береді, бұл  инспекторларды тез шақыртуға септеседі. Учаскелік полиция пункті барлық қажетті құралмен жабдықталады, полиция қызметкерлерінің жұмысын тұрғындардың өзі бақылай алады», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.