Алматы-Қорғас жолында екі адам көлікте өртеніп кетті (видео)

Алматы-Қорғас жолында екі адам көлікте өртеніп кетті (видео)

Алматы-Қорғас жолында екі адам көлікте өртеніп кетті (видео)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарады. «2021 жылдың 3 маусымда сағат 17:59-да Алматы облысының ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында «Алматы-Қорғас» автожолының 82 шақырымында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 техника шықты. Жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен 45 км қашық.Өрт орнында, автокөлік салонында 2 жолаушының жанып кеткен денесі табылды», – деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД қызметінің өкілдері азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.