Теміржол басшысы сотталды

Теміржол басшысы сотталды

Теміржол басшысы сотталды
ашық дереккөзі
Мемлекет мүлкін талан-таражға салған теміржол басшысы сотталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Аtameken Business арнасы. Теміржол құрылысының материалдарын иемденіп, мемлекет мүлкін талан-таражға салған теміржол басшысы 2 жылға сотталды. Жымқырылған қаржы көлемі 23 млн теңге. Еске салар болсақ, "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясынақарасты Қазалы жол дистанциясының бөлімше бастығы, өткен жылдың қараша айында ұсталған болатын. Оған алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтірді деген айып тағылды.