Моңғолия шекарасын ашты

Моңғолия шекарасын ашты

Моңғолия шекарасын ашты
ашық дереккөзі
Бұл туралы Моңғолия Үкіметтің баспасөз хатшысы Ц.Чинзориг хабарлады. Моңғолия 2021 жылғы 1 маусымнан бастап өз шекарасы ашты. Нәтижесінде ел азаматтары Түркия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Греция, Қырғызстан, Тайландия, Бразилия, Египет және Үндістан қатарлы оннан астам елге бара алады. Одан басқа әлемнің 110-нан астам елі, соның ішінде Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге Еуропа елдері шекарасын жартылай немесе толық жауып, шетелдіктерге виза беруді тоқтатқан болатын. Сондай-ақ, Ц.Чинзориг Моңғолия азаматтары еркін саяхаттайтын елдер санын көбейту мақсатында Моңғолия Үкіметі тарапынан коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтарға вакцина салдырғанын растайтын куәлік беріп, оны қуатты деп тану үшін Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Венгрия және өзге Еуропа елдерімен дипломатиялық келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.