Депутат медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділі туралы мәселе көтерді

Депутат медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділі туралы мәселе көтерді

Депутат медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділі туралы мәселе көтерді
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайылов «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін реформалау жолдары» тақырыбында өткен жиналыста денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті жойып, медициналық қызметтің сапасын арттыру керек екенін айтып өтті.
«Денсаулық сақтау саласының жүйесінде емделуші және дәрігер болуы керек, содан кейін ғана осы екеуінің айналасында барлығы құрылуы керек. Ең бастысы да, негізгісі де – осы екеуі. Медицина саласындағы теңсіздікті жою керек. Теңсіздік тек денсаулық сақтау саласында ғана емес, басқа салада да бар екенін білеміз. Бірақ  Денсаулық сақтау министрлігі – маңызды әлеуметтік рөл ойнайтын үлкен институт. Бюджеттің ақшасына құрылған мемлекеттік институт екенін ескерсек, Денсаулық сақтау министрлігі өз жұмысында теңсіздікті жоюға күш салуы керек. Үкіметтің Денсаулық сақтау саласы бойынша қабылдайтын шешімдерінде және салалық мамандардың ұсыныстарында осы теңсіздікті жою мақсаты айқын байқалып тұруы керек. Ең маңыздысы – тұрғындар үшін медициналық қызметтің сапасын арттырып, қолжетімділік жүйесін жетілдіру қажет» – деді депутат.