Жаңалықтар

Alga Peterburg: Әлем жұлдыздары Димашқа қарап бой түзейді

ашық дереккөзі

Alga Peterburg: Әлем жұлдыздары Димашқа қарап бой түзейді

Осыдан үш жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болған Санкт-Петербург тұрғындарыYouTube платформасындағы «Эхо Петербурга» каналында ол туралы ақпарат бере бастады. Кейіннен Димаштың өмірі мен өнері туралы көп дерек беру үшін олар Alga Peterburg ка­на­лын ашты. Бастапқыда тек Димаштың шығармашылығына арнал­ған бұл каналда бүгінде Қазақстан, қазақ мәдениеті мен салт-дәс­түр­лері туралы сұхбаттар, репортаждар, фильмдер көптеп жүктеледі. Қа­зір Түркістан қаласының жаңаруы туралы фильм әзірлеуге кірісіп кет­кен петербургтік шығармашылық топқа хабарласып, әңгі­ме­лескен едік. https://www.youtube.com/watch?v=6GDQuhPfhu4   Túrkistan: Алғашында сіздер жүр­гіз­ген «Эхо Петербурга» каналының атауын Alga Peterburg деп Димаштың шы­ғар­ма­шылығымен танысқан соң өзгерт­тіңіздер ме, әлде жаңадан канал аш­тыңыз­дар ма? Alga Peterburg: Жаңа канал аштық. Не­гізінен біз спортпен белсенді түрде шұ­ғыл­да­нып, спорт мектептерімен тығыз байланыс ор­натып, тіпті жеке команда құрдық. Сөйтіп жүр­генде Димаш туралы естіп-біліп, оның шы­ғармашылығымен таныса бастадық. Фе­номен ретінде танылған оның өнерінің адам­дарға неліктен ерекше әсер ететінін біл­гіміз келді. Өнерінен бөлек, оның сахнада өзін-өзі ұстауына, ашық-жарқын мінезіне, үл­­кендерді сыйлауына, кішілерге құрмет көр­­сетуіне өте-мөте тәнті болдық. Сөйтіп, та­­ныстарымыздан, достарымыздан, спорт­шы­­лардан ол туралы сұрай бастағанымызда Димашты ешкім білмейтін болып шықты. Сосын ол туралы деректер жинастыруды жөн көр­дік. Осылайша, 2018 жылдың күзінде Ди­маш деген жаңа әлем аштық. Шыны керек, ол уақытта Димаш туралы мәліметтер аз бол­ды. Жоғарыда сіз айтып өткен «Эхо Пе­тербурга» каналы арқылы Димаш пен оның шығармашылығы туралы ақпарат бере бас­тадық. Тағы бір түрткі болған жайт, Ди­маш «Но­вая волна» халықаралық байқауында «Лю­бовь уставших лебедей» әнін жан-тәнімен бе­ріліп айтып шықса да, залда отырған көрер­меннің реакциясы, олардың жым-жырт болып отыруы бізге ұнамады. Сөйтіп, Ди­маштың сол концерттегі керемет орындауы мен оның өнеріне таңданған көрерменнің реак­циясы түсірілген видеоны қосып, фан-клип жасап шығардық. Оған дейін мұндай ви­деоны қалай жасайтынын да білмейтінбіз.Тіпті, YouTube-тың тілін толық түсінбейтін едік. Сол ролик 80 миллионнан астам мәрте көрілді. Бірақ кейіннен ол канал бұғатталып қалды. Айта кетерлік жайт, Димаш туралы ка­нал жүргізе бастаған соң, оның әлемнің түк­пір-түкпіріндегі жанкүйерлерімен бай­ланыс орнатып, араласа бастадық. Димаштың кө­мегімен географиялық білімімізді жақ­сартып алдық десек те болады. Сол шетелдік жан­күйерлерге Димаш туралы ағылшын және испан тілінде хабар тарататын Echo Pitera каналын ашқан болатынбыз. Екі ка­нал­ды дамыту үшін тынбай жұмыс істедік. Алай­да 2020 жылдың басында танымал екі каналдың екеуі де жабылып қалды. Сөйтіп, ақылдаса келе сол жылдың наурыз айында Alga Peterburg ка­налын аштық. Túrkistan: Каналдың сипаттамасында «Біз тек Димаш туралы айтатын бола­мыз» делінген. Бірақ Димаштан өзге қа­зақ­стандық әншілер, әртістер әрі қа­зақ мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы да көп контент әзірлеп жүрсіздер. Мұның бар­лығын қамтуға Димаштың шығар­ма­шылығы түрткі болды ма? Alga Peterburg: Әдепкіде Alga Peterburg-ті тек Димаштың шығармашылығына ар­най­мыз деп ойлағанбыз. Димаш пандемияға дейін Arnau әлемдік турне аясында көп кон­церт қойып, түрлі іс-шараларға қатысты. Ди­маштың шығармашылығындағы өрлеу сол ке­зең болды. Тіпті, іс-шаралардың көптігінен ка­налға материалдар жариялап үлгермей қа­лып жүрдік. Пандемия басталған соң, әлем әншілері секілді Димаштың да барлық жос­пары кейінге шегеріліп, шығармашылығында үзіліс болды. Ал сол уақытта біздің әлеуеті­міз­дің мол болғаны соншалық, ақырында өз-өзімізді «тоқтата» алмай, каналға қазақ мә­дениеті мен өнеріне қатысты өзге қы­зық­ты материалдар әзірлеп салғымыз келді. Сөйтіп, Қазақстанның мәдениетін, жас өнерпаздарды, әсіресе Ержан Мақсым мен Да­нелия Төлешованың өмірі мен шы­ғар­машылығын зерттей бастадық. Кейіннен бұл қатарға Иманбекті қостық. Осы зерт­теулер­ден қазақтың жас өнерпаз­дары­ның әлем әншілеріне сахнада өзін-өзі қалай ұстау ке­рек жағынан ғана емес, сондай-ақ, қалай ең­бектену, діттеген мақсатқа қалай жету ке­рек мәселесі бойынша да үлгі көрсетіп жүр­генін байқадық. Жалпы, бастапқыда уә­де­лескендей шығарылымдарда дін, ұлт, саясат тура­лы сөз қозғамаймыз. Alga Peterburg – мә­дени канал, мақсатымыз – ақпаратты мә­дениет призмасы арқылы тарату. Ә дегенде Ди­маштың шығармашылығына қызықтық, кейіннен Димаш арқылы қазақ мәдениетін танып-білуге қызығушылық пайда болды. Сосын бұл керемет мә­дениет жайында біз ғана біліп қоймай, әлем жұртшылығы білуі керек деген ой түйдік. Оған қоса, көптеген деректен хабардар бола бас­­таған соң, Қазақстан мәдениетін әлемге та­­ныта алатынымызға, оған білген-­түй­гені­міз, әлеуетіміз жететініне көз жеткіздік. Ди­маш жүрген жерінде өз мәдениетін, әдет-ғұрпын әркез насихаттап жүреді. Димаш се­кілді қазақ мәдениетін әлемге таныту аз да болса біздің де қолымыздан келіп жатқан секілді. Біз мұны игі іс деп білеміз. Өйткені өзге ұлттың мәдениетімен таныс болсаң, нәсілі, ділі, дініне қарамастан адамды тез тү­сінесің, оңай тіл табысасың. Димаш осыған кө­зімізді жеткіздік. Негізі, осы каналды жүр­гізгелі бері көп нәрсені түсіндік, түйдік, есейдік. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ди­маштың концертіне барғанымызда жер­гілікті жанкүйерлер ұйымдастырған Nomad time деген іс-шараға қатыстық. Онда қо­лө­нершілер мен бүркітшілердің өнерін, ұлттық ойындарды тамашаладық. Үлкен киіз үй тігілді. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағам­дары­нан дәм таттық. Керемет ұйымдас­тырылған бұл іс-шарадан әсер алғанымыз соншалық, тіпті әлі күнге дейін бауырсақтың тіл үйірген дәмі есімізден кетпейді. Сол кез­десуде қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болған біз тіпті жүргізушіден мик­ро­фон­ды «жұлып» алмақшы болып, бізге бауыр­малдық танытқан қазақ халқына ыстық лебізімізді білдіріп, жылы сөз айтпақшы бол­дық. Айта кетерлік жайт, Alga Peterburg ка­налының алпыс пайызға жуық жазылу­шысы – қазақ. Достарымыздың көбі де – қа­зақтар. Біздің шығарылымдарды қалт жі­бер­мей көретін олар бізді ара-тұра түзеп, ақыл-кеңес беріп отырады. Сол себепті олармен бір отбасының мүшесі секілді араласатынымызға шексіз ризамыз. https://www.youtube.com/watch?v=Aul0SccBC4c Túrkistan: «Душа казаха, сердце ка­заха – домбыра» деген шығарылымда Ал­матыдағы музейлердің бірінен ре­портаж жасап, қазақтың ұлттық аспап­тары, соның ішінде домбыра туралы жасаған зерттеулеріңізді жарияла­дыңыз­дар. Сонда сол үшін Алматыға ар­найы бардыңыздар ма, әлде? Alga Peterburg: Нұр-Сұлтанда өткен концертке барғанда көптеген адаммен байланыс орнаттық. Солардың бірі музейде қыз­мет етеді екен. Ол кісі Алматыға келіп, музей жайында репортаж жасауды ұсынды. Бір жылдан соң Алматыдағы шығармашылық топта жұмыс істейтін достарымыз музейдегі аспаптар туралы видеолар түсіріп берді. Мә­тіні мен субтитрін әзірлеп, каналға жүк­тедік. Түсінгеніміздей, қазақтың салт-дәстүрі барлық адамзатқа сәйкес келетін секілді. Бәрінен бұрын бізді отбасы мәдениеті мен тұрмыс салты қатты таңғалдырды. Мейлі қалада болсын, ауылда болсын, үлкен жанұя­ның үстел басында отыруы, үлкендердің дастарқан басында кімнің қайда отыраты­нын шешуі, дастарқанға табақпен ет әкел­ген­де үйдің үлкенінің етті әркімге бөліп беруі ерек­ше ұнады. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан бұл дәстүрге таңырқамау мүм­кін емес. Мұндай ерекше салт-дәстүрлерді зерт­теудің өзі қызықты. Сосын жеті атаға дейін қыз алыспау салты бойынша зерттеу жүр­гіздік. Сонымен қатар, Димаш ата-әже­сінің қолында өскендіктен, қазақтардың тұң­ғыш немерені ата-әжесінің тәрбиесіне беру маңызын зерттедік. Біз түгілі, тіпті Ди­маштың көптеген шетелдік жанкүйерлері де мұның мә­нін өз бетінше зерттепті. Түсінуімізше, қазақтар бірінші немерені жаңадан отбасын құр­ған жас ата-анаға оңай болсын деп үлкендердің тәрбиесіне берген. [caption id="attachment_147898" align="alignnone" width="1024"]