NASA-ның екі жаңа миссиясы Шолпанның құпияларын ашпақ

NASA-ның екі жаңа миссиясы Шолпанның құпияларын ашпақ

NASA-ның екі жаңа миссиясы Шолпанның құпияларын ашпақ
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) Венераны зерттеуге екі миссия жіберуге ниетті. Бұл туралы сәрсенбіде ұйымның ресми сайтта жарияланған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды СNN агенттігі.
Миссияның мақсаты - Венера біздің планетамызға ұқсас болса да, тіршіліксіз мекенге қалай айналғанын зерттеп, түсіну", - делінген хабарламада.
Миссия 2028-2030 жылдары жіберілетіні көрсетілген. NASA хабарлағандай, DAVINCI+ деп аталатын миссия аясында Венера атмосферасының құрамы оның қалай пайда болғанын және дамығанын түсіну үшін зерттеледі. VERITAS деп аталатын екінші миссияның мақсаты планетаның геологиялық тарихын зерттеу үшін Венера бетін картаға түсіру, сондай-ақ Венера жерден өзгеше түрде пайда болу себептерін анықтау болады. Әрбір миссияны дайындауға шамамен $500 млн қаражат бөлу жоспарланып отыр.