Елбасы кітапханасы Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған бейнеролик дайындады

Елбасы кітапханасы Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған бейнеролик дайындады

Елбасы кітапханасы Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған бейнеролик дайындады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған бейнеролик дайындады. Республиканың Ғылым академиясы 1946 жылы 1 маусымда құрылды. 1946 жылы Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті мемлекет қайраткері, әлемге танымал ғалым, қазақстандық геология мектебінің негізін қалаушы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев сайланды. 2011 жылдың 20 қазанында Қазақстанның ғылым қызметкерлері күні бекітілді. Бұл күн – Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орай 12 сәуірге белгіленген. Елдегі ең ірі зияткерлік орталықтардың біріне айналған Академия өзінің құрылған сәтінен бастап бай табиғи ресурстарды игеру бойынша күрделі зерттеулерді жандандырып, еліміздің өңдіріс күштерінің дамуына, қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының маңызды мәселелерінің шешілуіне үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы әлемнің бірқатар ірі ғылыми ұйымдарының мойындалған мүшесі болып саналады. [video width="1520" height="832" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/06/whatsapp-video-2021-06-03-at-11.37.35.mp4"][/video]