Денис Теннің өліміне қатысы бар айыпты қайтадан түрмеге қамалды
Денис Теннің өліміне қатысы бар айыпты қайтадан түрмеге қамалды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды. Ол қазір баласымен бірге түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заңға сәйкес ауыр қылмыс үшін сотталған кез келген азамат жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін қалған бөлігін жазаның едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіре алады.
2019 жылғы желтоқсанда Толыбаева осы құқығын пайдаланған. Осылайша 2020 жылы жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Алайда араға бір жыл үш ай салып оны қайтадан түрмеге қамады.
Ол қазір баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
"Оның бәрі осы колонияның сот алқасының қателігі. Себебі олар дәл уақытында марқұмның туыстарына менің сотқа өткізгенім туралы ешқандай ескерту жібермеген. Бір жыл үш айдан кейін қайтадан келіп отырмын. Бір жыл болған кезде бүкіл сайт "Толыбаева бостандыққа шықты, бір жыл болды" деп жаза бастады. Оған дейін ешкім ештеңе жазған жоқ болатын", - деді Толыбаева.
Сотталушы соған байланысты Қазақстанда заң бәріне бірдей қолданылмайтынына наразы.