Құс тұмауы адамға жұға бастады

Құс тұмауы адамға жұға бастады

Құс тұмауы адамға жұға бастады
ашық дереккөзі
Қытайда алғаш рет құс тұмауы адамға жұқты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич мәлімдеді. «ДДСҰ тұмауды эпидемиялық қадағалау және алдын алу шаралары ғаламдық жүйесі (GISRS) арқылы вирустарды, оның ішінде пандемияға айналу ықтималдығы бар вирустарды үздіксіз бақылайды және қауіп-қатерге баға береді. ДДСҰ Қытайдың ұлттық үкіметімен және GISRS серіктестерімен бірлесе жағдайды бақылап отыр»,  – деді Тарик Язаревич. Оның айтуынша, бұл төмен патогенді штамм тірі құс базарында 2002 жылы табылған, бірақ адамға жұғу жағдайы тіркелмеген еді. Ауру жұқтырған Чжэнцзян қаласының 41 жастағы тұрғыны 28 сәуірде тұмау белгілерімен ауруханаға түскен. Кейінірек құс тұмауы вирусының H10N3 штаммы анықталды. Қазіргі кезде науқастың жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер оның кіммен байланыста болғанын анықтады. Әзірге оларда тұмау белгілері байқалған жоқ.