10 Қазан 2016, 14:15 1782 0 Сыртқы саясат Ақниет ОСПАНБАЙ

ТМД елдерінің салық органдары басшылары кездесті

Алматыда ТМД елдері салық органдары басшылары үйлестіруші кеңесінің ХХІІІ отырысы өтті деп хабарлайды aikyn.kz.

Жиынға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан, Ресей және Молдова мемлекеттерінің делегациялары, сондай-ақ ТМД елдері атқарушылық комитеті мен Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы қаржылық университеттің өкілдері қатысып, қаржы-экономикалық қарым-қатынас саласындағы көкейкесті проблемаларды кеңінен талқылады.

Жиынға арнайы келген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Орта Азия­дағы іргелі аймақтық қаржы орталығы болып са­налатын Алматы қаласында ТМД мем­лекеттерінің өкілетті орган­дары – салық органдары бас­шылары үйлестіруші кеңесі ХХІІІ отырысының өткізілуі­нің маңызы зор екендігін айрықша атап көрсетті. Сондай-ақ ол жиынға қатысу­шыларды эко­номиканы дамытуда айрық­ша маңызға ие қаржылық салық мәселесін талқылауға арналған маңызды іс-шараны ойдағыдай өткізіп, ортақ ойлардың бір арнаға тоғысуына тілектестігін шы­найы пейілмен, ерекше ықылас сезіммен білдірді. Бұ­ған қоса, қала басшысы өз сө­зінде осы жылдың өткен тоғыз айы ішінде Алматы қала­сының салық жинау көрсеткішін 80 пайызға орын­дағанын, соңғы 10 жылдың ішінде оңтүстік астананы көркейтуге 4 мил­лиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалғанын айтып өтті. Бұған қоса, қалада жол-көлік қозғалысын, оның ішінде кептелісті азайту мақ­сатында Алматыда 29 айналма жол салынып, пайда­лануға беріл­гені және қаланың әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы күннен-күнге артып келе жат­қанына жан-жақты тоқталды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп беріп, жүзеге асы­руды игі мақсат ретінде алға қойған бес инсти­туционал­дық ре­форманы жүзеге асыруда алматылықтар биік белестен көрінуде. Қазіргі күні біздің қала бәсекеге қабілетті әрі көрікті қалаға айналып отыр. Мұндай игі іс­тер еліміздің Үкіметі қа­былдап, жүзеге асырыла бас­таған 40 маңызды реформа жағда­йында мүмкін болып отыр. Алматының болашағы бұдан зор болады деген сеніміміз зор» – деп түйді өз ойын қала басшысы Бауыржан Байбек. Одан кейін сөз алған ҚР Қаржы министрлігі Мем­лекеттік кірістер коми­тетінің төрағасы,ТМД елдері салық қызметі басшылары үйлестіру кеңесінің төрағасы Дәулет Ерғожин елімізде жүргізіліп жатқан салық саясаты жағ­да­йында қол жеткен табыс­тармен қоса, ТМД елдері бір­лесіп ше­шуі тиісті бірқатар мәселелерге кеңінен тоқ­тал­ды. Олардың арасында тауар­ларға элек­тронды шот-фак­туралар мен ілеспе құжаттарды енгізу, ТМД елдерінің кеден­дік және салық жүйелерін біріктіру тәрізді ау­қымды іс-шаралар бар. Жиын­ға қатыс­қан өзге елдер­дің са­лық бас­шы­лары көте­ріл­ген мә­селелер бойынша ой­ла­рын ор­таға салды. Басқосу ба­ры­сын­да ТМД елдері салық қыз­меті басшылары үйлестіру ке­ңесі­нің төрағалығы қызметі сал­танатты жағдайда Қыр­ғыз­стан Республикасына тапсы­рылды.

Тэгтер ТМД

Соңғы жаңалықтар