Мұхамеджан Тынышбаевтың ұрпағы елге келді

Бүгін М.Тынышбаев атындағы Ақмола колледжінде Мұхамеджан Тынышбаевтың ұлы, АҚШ-та өмір сүріп жатқан Давлет Шейх-Алимен (Тынышбаев) кездесу өтті, – деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының Білім басқармасы, әлеуметтік серіктестер, темір жол ардагерлері, БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының өкілдері, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті қатысты.

7d6ee423a7f0edeeb97d1de4670469e5

Кездесудің негізгі мақсаты – тұңғыш темір жол инженері, алаш зиялысы – Мұхамеджан Тынышбаевтың артында қалған ұрпақтарымен тығыз байланыс орната отырып, аға буын өкілдерінің ел үшін жасаған еңбегін ұмытпау және болашақ темір жолшы студенттерге насихаттау. Мұхамеджан Тынышпаевтың есімімен аталатын оқу орны 14 жылдық тарихы бар білім ордасы. 1959 жылы Омск теміржол көлігі инженерлер институтының оқу-кеңестік пункті ретінде негізі қаланып, 1980 жылы АлТИИ филиалы болып, 2007 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының базасында Ақмола колледжі ашылды – деді колледж директоры Амангелді Молғаждаров.

Тұңғыш теміржолшының ұлымен кездесуге Тынышбаев қорының басшысы Нұршәкен Жүнісова қатысты.

5df4cd92e6460b426896a078b9ca8410

Менің тағдырым туған жерден жырақта өтті. Қазақстаннан бір жасымда кетіп, 70 жасымда бір-ақ оралдым. Түркісіб теміржолы бітіп, Алматыдағы Айнабұлақ стансасы іске қосылып жатқан уақытта әкемді ұстап әкетіпті, ол кезде мен іште, әлі тумаған екем. Әкемді ұстап кеткен соң, мен дүниеге келіппін. Мен бір жасқа толғанда анам нағашы жұртымды сағалап, Уфаға, төркініне кетіп қалыпты. Менің балалық шағым, бар ғұмырым сонда өтті. Бірақ анам мені туған жерімнен, осы қазақ деген ұлттан ешқашан бөле-жарған емес, – дейді Дәулет (Давлет) Шейх-Али Тынышбаев.

Ол өзінің тегі неге Шейх-Али болып кеткенін, қазір қайда тұрып жатқанын, не себепті Қазақстан азаматтығын алмағанын, өмір бойы немен айналысқанын толық баяндап берді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісінің Дәулет Тынышбаевпен болған сұқбатынан толығырақ оқитын боласыздар.

5c4fa2e06f34c0fa4f01535374998124

Шара барысында коллердж атынан Дәулет Тынышбаевқа арнайы кәдесый табысталып, түрлі естеліктер айтылды. Сонымен қатар, колледждегі Тынышбаев атындағы шағын музей таныстырылды.

0b4c8bda9ddebf1e464b4110938dfe5d

Ал колледждің 2021-2022 оқу жылына стукдент қабылдайтын қабылдау комиссиясының дәстүрлі ашылу салатанты болып, лентаны қадірлі қонаққа қиғызды.

fd6e338a53dec51e8132026ed605c7c138cedff0bc36fd02258cef1bcd5707fa

Back to top button