«Рухани білімімді бөлісемін»: Әлия Назарбаева кітап жазып жатқанын айтты

Әлия Назарбаева Instagram парақшасында кітап жазып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды orda.kz.

Әлия Назарбаева өзіне «кітап жазғыңыз келмей ме?» деген сауалдың жиі қойылатынын және оған осы жазбада жауап беретінін айтқан.

– Маған кітап жазу туралы сұрақ көп қойылды. Ең қызығы, пандемия кезінде мен кітабымның алғашқы тарауларын жаза бастадым, соған қарағанда ойым оқырмандарымның ойымен бір жерден шыққан сияқты. Сонымен қатар, мен мұндай сәйкестіктерге сенемін және олар кездейсоқ емес деп санаймын. Кітап «Место силы» деп аталады.

Онда мен көптеген жылдар бойы өмірімде орын алған, өзім ізденген және тапқан рухани білімді оқырмандармен бөлісемін, өмір туралы әңгімелермен, балалық шақтың жылы естеліктерімен бөлісемін, көп нәрсені анық түсіндіремін.

Сонымен қатар ол кітап тұсаукесерінің қашан болатынын да айтты.

Кітаптың тұсаукесері 2021 жылғы қыркүйекке жоспарланған. Оқырмандар арасынан жаңа достар табамын деп сенемін. Қалған мәліметтерді кейінірек айтамын, – делінген жазбада.

Back to top button