Жаңалықтар

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 1400 бас мал қырылып қалған

ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 1400 бас мал қырылып қалған

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 3 айда 1400 бас мал қырылып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24». Биыл өңірде жаңбыр жоқ, шөп шықпады. Соның салдарынан шаруалар мал азығын қымбатқа сатып алып жатыр. Басқа өңірлерден тасымалданатын жем-шөптің бағасы да шарықтап шыға келген. Бір қап кебек – 2000, бір рулон шөп 16 000 теңгеге жетті. Құдықтағы жер асты сулары да тартыла бастаған. Осыған байланысты фермерлер аймақтағы жағдайға ерекше назар аударуды сұрайды. Жергілікті деңгейде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі төрағалығымен арнайы штаб құрылып, қазіргі таңда штаб Ақтөбе облысына іссапармен жолданған болатын. Іссапардың басты мақсаты – екі облыс арасында жем-шөп тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар жергілікті шаруа қожалықтарына Ақтөбе облысынан уақытша жайылымдыққа жер бөлу. Жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлініп, тиісті механизмге сәйкес, жұмыстар бөлінуде, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі басшысы Аслан Сүйебаев.