Енді Иран мен Ресейге Каспий арқылы пароммен жетуге болады

Енді Иран мен Ресейге Каспий арқылы пароммен жетуге болады

Енді Иран мен Ресейге Каспий арқылы пароммен жетуге болады
ашық дереккөзі
Биыл Каспийде Иран мен Ресейге паромдық қатынас ашылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жылдың 4 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы шамамен 2 млн тонна жүк тасымалданды. Контейнерлерді ауыстырып тиеуде өсім байқалады. Қазіргі уақытта Ақтау портының негізінде «контейнерлік хаб» құру және экспорттық жүктердің бір бөлігін Транскаспий бағдарларына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты өткен жылы мультимодальды тасымал кезінде Салық кодексіне теміржол тарифтерінен қосылған құнға салықты алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді»,- деді министр.
Министрдің сөзінше, транскаспий халықаралық көліктік бағдары аясында Ақтау – Баку фидерлік желісі сияқты Ақтау порты мен ирандық Каспиян порты арасында тұрақты контейнерлік желі іске қосылды.
«2025 жылға қарай контейнер ағынының көлемін 135 мыңға жеткізу жоспарланған. Биыл Каспийде бірнеше паромдық қатынас ашылады. Атап айтқанда бұл бағыттар: Құрық – Анзали (Иран) және Құрық – Махачкала (Ресей). 2025 жылға қарай Құрық порты арқылы жүкті ауыстырып тиеу көлемін 3,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.