Бас мүфти төрт имамға баспана кілтін табыстады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент орталық мешітінде өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, республикалық «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен төрт имамға баспана кілтін табыс етті. 

Іс-шарада Бас мүфти құттықтау сөз алып, бүгінде асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген, алайда баспанаға мұқтаж мешіт қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс етті. Оның үшеуі қызметтік үй болса, біреу жеке үй ретінде берілді.

520df2a9 f162 4486 a440 c8b1f5b8964e

Баспана кілтін алғандар қатарында Шымкент қаласы «Айтбай ата» мешітінің азаншысы Ілияс Бекжан, «Атамекен» мешітінің имамы Дәулет Түленов, «Тәжібай ата» мешітінің имамы Еркебұлан Серікбаев және «Үсенбек ата» мешітінің имамы Мұстафа Бауыржанұлы бар.

Айта кетсек,  қоныс той шарасында Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы,  Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Талғат Омаров болды.

Back to top button