Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді жалға беру заңмен бекітілді

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді жалға беру заңмен бекітілді

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді жалға беру заңмен бекітілді
ашық дереккөзі
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Мемлекет Басшысының тапсырмасымен әзірленген жер қатынастарын дамыту туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында хабарланды.  Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау заң деңгейінде күшейетінін  алға тартқан Нұрлан Нығматулин:
Бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленді. Осы заң жобасы бойынша, ең алдымен, халқымыздың назарында жүрген  өте маңызды жер мәселесі бойынша нақты шешім қабылданды. Ең бастысы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға беру заңмен бекітілді. Осы мәселеге қатысты қоғамда әртүрлі пікірлер, әртүрлі ойлар айтылды, - деді.
Жалпы, заң жобасында жерді жеке меншікке беру 5 жылға тоқтатылады. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, қазақстандықтардың ауыл шаруашылыққа бағытталған жерлерін мемлекеттен сатып алмай, жалға беру құқығын иеліктен шығаруы мүмкіндігі қарастырылған. Осы ретте, Палата Спикері жалпы заң жобасы жеке мал жаю үшін қажетті жайылым тапшылығын шешуге ықпал етіп, сондай-ақ, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы да күшейетінін атап өтті.