«Бұл мәселені бүгін шешу керек»: депутат жүк көлігі жүргізушілерінің проблемасын көтерді

Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов жүк көлігі жүргізушілерінің мәселесін шешуді талап етті. 

«Nur Otan» партиясы бақылау комитетінің отырысында депутат бұл түйткілдің түйінін кейінге қалдырмай, жүргізушілердің мәселесін бүгін шешу керек деген талап қойды.

«Еліміздегі ақылы жолдардың сапасы сын көтермейді. Тақтайдай тегіс болуы тиіс жолдар шұрық-тесік. Жолдың сапасын қадағалайтын жауаптылардың қайда қарағаны, жол сапасын қалай тексергені беймәлім. Бізде жолдың «жыры» бітпейді. Есеп-қисапта «бәрі керемет» деп жазылғанымен, ақылы жолдардың аты затына сай емес. Сондықтан жүк көлігі жүргізушілерінің жанайқайына құлап түріп, мәселені тез арада шешу керек», – деп жазды Артур Платонов Facebook-тегі парақшасында.

Back to top button