«Мен асығып дүниеге әкелген балам өмірден асығып өтіп кетті. Оған өзімді кінәлаймын» – Айгүл Қосанова

«Мен асығып дүниеге әкелген балам өмірден асығып өтіп кетті. Оған өзімді кінәлаймын» – Айгүл Қосанова

«Мен асығып дүниеге әкелген балам өмірден асығып өтіп кетті. Оған өзімді кінәлаймын» – Айгүл Қосанова
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші – Айгүл қосанова «Еуразия» бірінші арнасындағы «Ең алғашқы» бағдарламасында қонақта болып, отбасындағы ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. Өмірінде есеңгіреткен екі трагедия туралы ашып айтты. Оның алғашқысы әкесінен айырылуы еді... «Мен әкем үшін аспандағы жұлдызбен тең едім! Сыртта, басқа қалада  жүргендіктен үйдегілер маған көп жағдайды ашып айта бермейтін. Әкемнің қатты ауырып жатқанын да менен жасырған. Мен үшін өте қиын кезең еді. Ең жақын адамды жоғалту кімге болса да қиын деп ойлаймын. Әкем жол апатына түсіп қалғаннан кейін 33 жыл анамның қоына қарап, сол кісінің бағуымен өмір сүрген адам. Егер менің анам әкеме дұрыс қарамағанда осынша жасқа жетпес те  еді деп ойлаймын. Сол себепті біз анамызға қашан да алғыс айтамыз. Әкеміз жұмыс істемесе де біз үшін абыройын түсірмей, асқар тау етіп отырғандығы ерлікпен тең. Төсек тартып жатып қалғанын естігенде ауылға апта сайын барып тұрдым. Соңғы барғанымда түні бойы әкеміздің қасында отырдық. Барлық балалары, бауырлары жиналған еді. Таң ата менің қолымда үзіліп кете барды»-деген әнші көз жасына ерік берді. https://www.youtube.com/watch?v=rYNaGqnKGqY&list=PL_blKZJ1z0cCI_8PD97cfvuzMS-VXaU4B Өмірлік серігі өзінен бір мүшелге үлкен екенін айтқан әнші, махаббатың жасқа қарамайтынына сенімді. Үш бала тәрбиелеп, айрандай ұйып отырған бұл отбасында еш қайғы болмағандай көрінуі мүмкін. Бірақ... «Тұңғыш ұлым Әлібек 1 жасқа келгенде қуаныштан ұлан-асыр той бердік. Тойдан кейінгі үш-төрт күнде баламыз комаға түсіп қалды. Жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтық.  Баламыз жансақтау бөлімінде жатты. Сол кездердегі әр минут, әр секунд біз үшін азапты болды. Сол екі аптада жолдасымның шашы ағарып кетті. Ең қиыны бұл өлімге мен өзімді кінәлаймын. Үлкен қателігім  25-ші қарашада анамның туған күні еді. Менің босанатын уақытым да таяп қалған болатын. Бірақ мен анама сыйлық жасағым келгендіктен дәрігерлердің көмегімен мерзімінен бұрын босандым. Алланың қалауымен дүниеге келетін күнін өзгертіп, пендешілік қателік жасадым. Мен асығып дүниеге әкелген балам өмірден асығып өтіп кетті»- деп Айгүл Қосанова ағынан жарылды.