Кім білгіш?

Кім білгіш?

Кім білгіш?
ашық дереккөзі
Жоғары сынып оқушылары арасында онлайн турнир басталады, деп хабарлайды Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9, 10 және 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы халықаралық онлайн турнирге қатысуға шақырады. Оқушы бұл ойынға қатысу арқылы зияткерлік-танымдық қабілеттерін және есте сақтау, қиялын дамыту сонымен қатар шығармашылық белсенділіктерін арттыруды үйренеді. Сондай-ақ, елдің мәдениеті және тарихымен танысып, бағалы сыйлықтармен марапаталады. «Кім білгіш?» турнирі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ойын жыл сайын жаңартылып, жаңа сұрақтар қосылуда. Алдыңғы ойындардың қорытындысы бойынша республиканың әр өңірінен келген 50 жоғары сынып оқушылары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтардың иегерлері атанды (ноутбук, планшет және смартфон). Ойынды қатысушының қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде ойнауға болады. Онлайн-турнирге қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданады. Турнирге өз өтінімдерін www.qazaq-found.kz  сайтындағы турнирдің арнайы парақшасына алдын ала жіберген республиканың  және шет елдердің барлық орта мектеп оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады. I және II кезең 2021 жылғы 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін қашықтан, онлайн режимінде өткізіледі. Қорытынды кезең Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылғы қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nazarbaev ortalygy» даму орталығында өтеді. Ақтық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етіледі. Турнир ережесімен Нұрсұлтан Назарбаев қорының www.fnn.kz, Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz,  «kimbilgish.kz» сайттарында, сонымен қатар қорлардың ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады. Анықтама телефоны: 8 (7172) 27-26-09