Қарағандыда тегін әткеншекке таласқан әйелдер төбелесуге дейін барған (видео)

Қарағанды қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орталық саябақтағы 4 аттракционға отыру тегін болған. Сәйкесінше, кезек күткен балалардың қарасы көбейген. Өз уақытын күтіп тұрған балалардың аналарының арасында кезек үшін дау-дамай туып, соңы төбелеске ұласқан. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әйелдердің дау-дамайынан балалардың да зардап шеккенін көруге болады. Бір-бірінің баласын итеріп, қол жұмсап жатқан сәтте жасы шамамен 8-9 жастағы қыз аттракционнан құлап кетеді.

Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Саябақ қызметкері әйелдерді сабырға шақырғанымен, оның сөзіне ешкім құлақ аспайды.

Жергілікті әкімдік 1 маусым күні сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін ойнай алатынын хабарлаған. Бұл оқиғадан кейін әкімдік саябақтың қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

«Орталық саябақта тұрғындар карантин нормаларын сақтамады. Сондықтан Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – дейді әкімдік өкілі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АКТУАЛЬНЫЕ НОВОСТИ КZ | МИРА🌍 (@novosti.kz_)

Back to top button