ДДСҰ коронавирусқа қарсы жетінші вакцинаны мақұлдады

ДДСҰ коронавирусқа қарсы жетінші вакцинаны мақұлдады

ДДСҰ коронавирусқа қарсы жетінші вакцинаны мақұлдады
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Sinovac фармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19 вакцинасын шұғыл қолданылатын препараттар тізіміне енгізді. Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус сейсенбіде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Синьхуа агенттігі жариялаған ақпаратта ДДСҰ басшысы:«Мен коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасы қауіпсіз, тиімді және сапалы деп танылғаннан кейін шұғыл пайдалану үшін ДДСҰ тізіміне енгізілгенін қуана хабарлаймын», – деп түсіндірді. ДДСҰ басшысы CoronaVac сақтау сапасына қойылатын қарапайым талаптарды да айта кетті. CoronaVac вакцинасы – белсенді емес вакцина және оны Бейжіңде орналасқан Sinovac фармацевтика компаниясы шығарады. Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қолдану үшін ДДСҰ тізімінде келесі препараттар бар: қытайлық Sinopharm және Sinovac компанияларының вакциналары, Janssen вакцинасы, америкалық Moderna компаниясының вакцинасы, AstraZeneca/Oxford вакцинасының екі нұсқасы және Pfizer/BioNTech жасаған вакцина.