COVID-19: «Қызыл» аймақта үш өңір қалды

COVID-19: «Қызыл» аймақта үш өңір қалды

COVID-19: «Қызыл» аймақта үш өңір қалды
ашық дереккөзі
24 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Үкімет жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары қалды. «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.