COVID-19: «Қызыл» аймақта үш өңір қалды

2 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Үкімет жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары қалды.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Қазақстан Республикасы «сары» аймақта.

Back to top button