Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады
ашық дереккөзі
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ригада өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмай, жарысты аяқтауға мәжбүр болды. Қазақстандық хоккейшілердің келесі кезеңге өте алмауы топтық кезеңдегі Финляндия мен Канада кездесуінен кейін белгілі болды. Аталған ойында финдер буллиттер сериясы бойынша (2:2) жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасын турнир кестесінде төртінші орынға ығыстырып, команданы плей-оффке шығу мүмкіндігінен айырды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ойыншылар топтық кезеңде Латвия ойыншыларын, қазіргі әлем чемпиондары Финляндия командасын жеңіп, сондай-ақ, Германия құрамасының қақпасына 11 шайба салып, сенсация жасаған болатын. Сонымен қатар, олар АҚШ, Канада және Норвегия хоккейшілеріне есе жіберіп алды.