«Кредиттік рақымшылықты» ұзарту мәселесінің мән-жайы белгілі болды

1 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Кредиттік рақымшылықты» ұзарту мәселесінің мән-жайы белгілі болды Қазақстанда азаматтар үшін «кредиттік рақымшылықты» ұзарту жоспарланып отырғаны туралы отандық БАҚ-та бірқатар ақпарат жарияланды. Бұл «Ашық деректер» порталында орналастырылған ҚР Үкіметі қаулысының жобасын журналистердің дұрыс түсіндірмеуіне негізделген және шындыққа жанаспайды. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) орындау үшін «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғаны белгілі. Қаулыға сәйкес, есептен шығару мерзімі 2019 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірілмей белгіленген. ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту үш кезеңде жүргізілді: Жарлыққа қатысы бар адамдарды толық қамту мақсатында министрлік 2020 жылдың сәуір айында жалпы сомасы 5,5 млрд теңгеге 23,4 мың азаматты үшінші кезеңде есептен шығаруды жүзеге асырды. Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың І тоқсанында нақты жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, есептен шығару мерзімін түзетуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға арналған қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі. Бүгінгі күні берешекті есептен шығару бойынша барлық жұмыс аяқталды және оларды қайта бастау болжанып отырған жоқ.