Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атанды. «Алақай! Мен – халықаралық гроссмейтермін!», – деп жазды Жансаяның өзі Facebook-тегі парақшасында. Отандасымыз 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақтық кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін осындай атаққа ие болып отыр. Бұл жарысқа Қазақстан атынан Динара Сәдуақасова да қатысып жатыр.