СҚО-да отбасымен демалуға барған бір үйдің екі баласы суға кетті

СҚО-да отбасымен демалуға барған бір үйдің екі баласы суға кетті

СҚО-да отбасымен демалуға барған бір үйдің екі баласы суға кетті
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 маусым күні Шал ақын ауданы Мерген ауылының маңындағы қазаншұңқырда екі бала суға кетті. Ата-аналарының айтуынша, олар сағат 13.00 шамасында бес баласымен көлшікке келген. Қасында 11 және 9 жастағы қызы мен ұлы, 2 жастан асқан және биыл туған сәбилері, сондай-ақ 2012 жылы туған асыранды баласы болған. Қазаншұңқырдың жанына келісімен отбасы палатка құрған. Бір мезетте балалардың әке-шешесі емізулі сәбимен палаткаға кірген. Үш жасөспірімнің екеуі – 2009 жылғы ұл бала 2011 жылғы қыз бала. «Көлшіктің бір бөлігі терең емес, су тізеден келеді. Екінші бөлігінің тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Палаткадан шыққан әкесі жағадан екі метрдей жерде суда бетінде қалқып жүрген ұл баланың денесін көрген. Алып шығып, қызын іздей бастаған. Бірден аудандық полиция бөлімшесіне, құтқару қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына балалар оқыған мектептің директоры жеткен. Қыздың денесін өздері таба алмаған соң, Петропавлдан құтқарушы-сүңгуірлер отрядын шақыртқан, алайда, жергілікті мамандар мен ауыл тұрғындары жасөспірімнің денесін олар келгенше екі метр тереңдіктен өздері алып шықты», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов. Балалардың мерт болуына не себеп болғаны тексерілетін болады. «Балалар суға кеткен кезде әке-шешелері палаткада болған. Оқиға орнында болған полицейлер жасөспірімдердің денесінен зорлық белгілерін тапқан жоқ, дегенмен сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтеміз», - дейді Мұрат Қанғожинов.