Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды (видео)

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта Өгем өзенінің бойында жоғалған екі туристті іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

«Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалды. Іздеу жұмысына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін жоғалған үш турист аман табылса, екеуінің мәйіті табылған болатын.

Back to top button