Сайран көліне батып кеткен ер адам табылмай жатыр

Сайран көліне батып кеткен ер адам табылмай жатыр

Сайран көліне батып кеткен ер адам табылмай жатыр
ашық дереккөзі
Куәгерлердің айтуынша, 31 мамыр күні шамамен кешкі сағат 17: 30-да Алматыдағы Сайран көліне 25-30 жас аралығындағы ер адам суға түсіп, қайтып шықпаған. Алдын алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен. «Кеше Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіру-сүңгуір жұмысын бастап, қараңғы түскенге дейін жалғасқан болатын. Бүгін таңғы сағат 08:30-дан бастап іздестіру-сүңгуір жұмысы қайта басталды. Іздестіруге ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның сүңгуірлері де тартылды. Су тұнық болмағандықтан су астынан ештеме көрінбейді. Сондықтан іздестіру жұмысы жанасу арқылы жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жаңдайлар департаментінен. Іздестіру жұмысына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен «ҚР ТЖМ» ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.