8 жастағы қызды тонап кеткен ер адам ұсталды

8 жастағы қызды тонап кеткен ер адам ұсталды

8 жастағы қызды тонап кеткен ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қыздың әкесі полицияға тонау туралы арыз түсірген. Оның айтуынша, Кенесары көшесіндегі автобус аялдамасында белгісіз ер адам 8 жастағы қызының қолынан Samsung телефонын жұлып алып қашып кеткен. "Қылмыс туралы хабар алған жедел басқару орталығының қызметкері дереу патрульдік полиция экипажын жіберді. Оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеткен полицейлер жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде күдіктінің ізіне түсіп, ұрланған телефонды сатуға тырысқан ер адамды дүкенде ұстады", - деді полиция өкілі. 34 жастағы қарақшы ұсталып, аумақтық полиция басқармасына жеткізілген. Ер адам кінәсін мойындады. Телефон қыздың әкесіне қайтарылды. Полиция "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.