Маусым айында ауа райы қандай болады - Қазгидромет

Маусым айында ауа райы қандай болады - Қазгидромет

Маусым айында ауа райы қандай болады - Қазгидромет
ашық дереккөзі
Маусым айында еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым ықпалымен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Осылайша республиканың көп бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1 градусқа жоғары, тек елдің батыс бөлігінде климаттық нормаға жақын болады деп болжанған. "Ай басында республиканың басым бөлігінде циклон әсерінен секундына 15-25 метрге дейін жел соғып, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Елдің оңтүстік өңірлерінде құмды дауыл болады деп болжанды. Қазақстанда батыс өңірлерге бағдарланған, кейін шығыс бағытқа ауысатын солтүстік циклон ауа температурасына әсер етеді. Бұл республиканың басқа өңіріне де салқын ауа массасын әкеледі. Осыған байланысты елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі болжанған, онда түнгі уақытта термометр +2...+ 10 градусқа дейін төмендейді, күндіз +12...+17 градусқа дейін. Кейін жылы ауа массасының келуіне байланысты күн жылиды деп болжанады: күндізгі уақытта ауа температурасы +25...+34 градусқа дейін жылиды", - дейді "Қазгидромет" РКМ синоптиктері. Сондай-ақ, айдың бірінші онкүндігінде республиканың батысында ауа температурасы түнде +10...+17 градустан +15...+ 21 градусқа дейін, күндіз + 20...+25-тен +25...+32 градусқа дейін ауытқиды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасының негізгі аясы +15...+ 25 градус, күндізгі уақытта +30...+40, таулар мен таулы аудандарда түнде + 10...+ 15, күндіз +25...+30 градус болады. "Ай ішінде Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі жылу толқыны кезінде күндізгі ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтеріледі, жекелеген аудандарда + 42 градусқа дейін; елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +35..+43 градусқа дейін, кейбір аудандарда +45 градусқа дейін", - деді синоптиктер. Алайда "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, Солтүстік Атлантика аудандарынан келетін суық ауа массасы әсерінен суық ауа райы орнауы мүмкін. "Маусымда негізінен қысқа мерзімді жауын-шашын, секундына 15-20 метрге дейін екпінді жел, құмды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың оңтүстік-батысында және орталық бөлігінде нормадан аз. Елдің басым бөлігінде норма 25-49 миллиметр, елдің оңтүстік-батыс жартысында 4-24 миллиметр, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысының таулары мен таулы аудандарында 53-99 болады деп болжанып отыр", - деді ведомство өкілі. Синоптиктер бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керек екенін айтты. Ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.